Saur River тұрғын үй кешені

  • Тұрғын үй кешендері
  • 103 791,1 м²
  • 2023

Алматы қаласы, Бостандық ауданы Жоба картасы

Saur River тұрғын үй кешенін Алматының батыс бөлігінде, Бостандық ауданында салу жоспарланған. Аз қабатты тұрғын үйлердің бұрынғы учаскесі Науаи көшесінің шығысында және Рысқұлбеков көшесінің солтүстігінде орналасқан.

Пәтер саны: 1000
Ғимарат құрылымы: монолитті қаңқа
Жер учаскесінің ауданы: 2.57 га
Тұрақ: қонақтарға арналған және жерасты тұрақтары

Алматыдағы жайлылығы III санаттағы Saur River тұрғын үй кешенінің эскиздік жобасы тапсырыс беруші ұсынған учаске деректері негізінде әзірленді. Тұрғын блоктардың жоспары жайлылығы жоғары эконом санатындағы пәтерлердің заманауи талаптарына сай. Пәтерлердің ауданы ықшам, бөлмелердің орналасуы қолайлы. Күнделікті қажет нысандар кешеннің өзінде қарастырылған. Қозғалысы шектеулі адамдар үшін тұрақтарға, аула мен балалар алаңдарына еркін қатынау көзделген. Кешен қажетті инженерлік және техникалық жүйелермен жабдықталады.

Қасбетке табиғи және жасанды әрлеу материалдары таңдалған: талшықты бетон панельдері, клинкер кірпіші, терезе мен есік жиектеріне арналған металл кассеталар. Ортақ пайдаланылатын кеңістіктердің интерьерінде де заманауи эстетикалық талаптарға сай жоғары сапалы табиғи және жасанды әрлеу материалдары қолданылмақ.

Сәулетші: В. М. Бойко
Құрылыс салушы: ALEM STROY DEVELOPMENT ЖШС
Қабат саны: 9

“Saur River” тұрғын үй кешені
Жобаның орналасқан жері Картадан табу

Бізбен байланысу