Lexus Shymkent автосалоны
Шымкент қаласы Жоба картасы
Lexus Shymkent автосалоны Шымкенттің Қаратау ауданындағы Тұран шағынауданында, ірі көлік артериясы саналатын Бәйдібек би даңғылының шығысында орналасқан. Бұған дейін құрылыс салынбаған учаскенің жалпы ауданы — 3.4351 га.
Lexus автосалонының жоспарлау шешімдері жайлылығы жоғары сауда кешендеріне қойылатын қазіргі талаптарды ескереді. Ықшам кеңістіктер мен қолайлы жоспарлар кешен ішіндегі күнделікті қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетеді. Автотұрақ пен аула жүріп-тұруы шектеулі адамдарға бейімделген. Кешенде қажетті инженерлік және технологиялық қызметтер қарастырылған.
Қасбетті әрлеуде композитті металл кассеталар, витраждар, терезелер мен есіктер сияқты заманауи материалдар қолданылады. Ортақ үй-жайлардың интерьерін эстетикалық, санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай сапалы табиғи және жасанды материалдармен әрлеу көзделген.
Құрылыс барысы:
Сәулетші: В. М. Бойко
Құрылыс салушы: Lexus Shymkent
Эскиздер