«Комфорт» тұрғын үй кешені
Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 309 Жоба картасы
«Комфорт» көппәтерлі тұрғын үй кешенінде жерасты автотұрағы және қызмет көрсету нысандары бар. Кешен Алматының оңтүстік-батысындағы беделді ауданда, қаланың негізгі оңтүстік магистралі Әл-Фараби даңғылына жақын орналасқан. Учаске Гагарин даңғылы мен Шишкин көшесінің қиылысында, «Мега» сауда-ойын-сауық кешенінің шығысында.
Сәулеттік шешімдер
Бірінші қабатта тұрғын үй бөлігінің кіреберісі, цоколь қабатының дербес шығу жолы және санитариялық тораптары бар кіріктірілген қоғамдық үй-жайлар орналасқан. Пәтерлер екінші қабаттан басталады. Екінші қабаттан төртінші қабатқа дейін әр қабатта бес, бесінші қабаттан сегізінші қабатқа дейін алты пәтерден бар. Тоғызыншы қабатта екі деңгейлі алты пәтер орналасқан.
Конструктивтік шешімдер
«Комфорт» тұрғын үй кешенінің жоспары тіктөртбұрышқа жуық, ғимарат 9 сейсмикалық блокқа бөлінген. Блоктар монолитті темірбетоннан жасалған қабырғалы және рамалы қаңқалы жүйелерге жатады.
Сәулетші: В. М. Бойко
Құрылыс салушы: SABA GROUP KZ
Қабат саны: 9+1
Эскиздер