Алматы маңындағы DA House үйі
Бесқайнар ауылы, Талғар ауданы, Алматы облысы Жоба картасы
DA House — Алматының тау бөктеріндегі Бесқайнар ауылына жобаланған бір қабатты үй.
Сәулеттік шешімдер
Асүй, қонақ бөлме, жатын бөлмелер, жұмыс кабинеті, сауна және екі көлікке арналған гараж бір деңгейде орналасқан. Эскиздік жоба бойынша жылытылатын аудан — 473,67 м². Жер телімінің ауданы — 0,5851 га.
Жазық шатыр үйдің көлденең силуэтін айқындайды. Панорамалық терезелер аулаға қарайды. Қасбет әрлеуінде сұр фиброцемент панельдері мен балқарағай тақтайы үйлеседі.
Конструктивтік шешімдер
BOIKO Architects эскиздік жобамен қатар жұмыс құжаттамасының конструктивтік бөлімін (КЖ) әзірледі. Жобада монолитті темірбетон қаңқа, таспалы іргетас және монолитті аражабын қарастырылған. Конструкцияларды есептеу кезінде топырақ жағдайы мен учаскенің сейсмикалық ерекшеліктері ескерілді.
Сәулетшілер: В. М. Бойко, В. Ф. Березовский
3D үлгі
Пайдалану нұсқаулығы
Сәлемдесу терезесі ашылса, «Қарауды бастау» (Start Viewing) батырмасын басыңыз.
Тінтуір. «Орбита» құралын таңдап, үлгіні бұру үшін сүйреңіз. Масштабты тінтуір дөңгелегімен өзгертіңіз.
Тачпад және сенсорлық экран. Сол жақ панельдегі бұру және масштабтау құралдарын пайдаланыңыз.
Эскиздер